"Ақжолдықтар" ауызсудан тапшылық көріп отыр

0
1 702

Ақжолдағы су мəселесі қай уақыттан басталғанын дөп басып айта алмайды. Өткен ғасырдың Кеңес дəуірінен солай еді дейді ауыл тұрғындары.


Түркістан облысы, Келес ауданы, "Ақжол" ауылының тұрғындары ағынсу түгілі ауызсуға жете алмай отыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Егіс, бау бақшаға су қоймақ түгілі, арық атыз құрғап кеткелі қай заман?! 21 ғасырда құбыр суы түгілі, арық суына зар болған ақжолдықтардың аңдығаны жалғыз су арнасы. Бұл арнадан егні мен малын ғана емес, үйдегі жанын да осы сумен қамтамасыз етіп отырған ауылдықтар бүгінде бұл суға да қол жеткізе алмай отыр. Трактормен тасып жүретін.

"Ауылда су мəселесі өршіп тұр. Арықтың суы тартылып, қурағалы қай заман?! Тоқтап қалған судың өзін сатамыз кейде. Бір бөшкесі бір мың теңге. Бүкіл ауыл аймақ осылай шөль басады. Бүгін ол да жоқ. Су келмеген. Тартылып, қурап біткен. Енді не істеймиіз деп бас қатты"- дейді Келес ауданы Ақжол ауылының тұрғыны Əбдіжаппар ақсақал.

Ақжолдағы су мəселесі қай уақыттан басталғанын дөп басып айта алмайды. Өткен ғасырдың Кеңес дəуірінен солай еді дейді ауыл тұрғындары. Көнерген бірақ күн тəртібінен түспеген мəселенің шешімі 2010 жылы табылғандай еді. Сол кездегі облыс əкімі Өзбекстан тарапынан суды бұрып, ауыл тұрғындарын аңсатқан ауыз суды əкеп те берген болатын. Бірақ ақжолдықтардың қуанышы көпке созылмапты. Жыл өткен сайын су мəселесі күрделен түскен. Мал бағып жан баққан бұл ауылағы ағайынды су мəселесі əбден титықтатып тастаған.

" Ауылдағылар мал өсіріп күн көреді. Басқа жұмыс жоқ ауылда. Егінмен де айналысып көріп жатырмыз. Несие ап, шығынға батқандар да бар. Өйткені Өзбекстаннан келетін су берілмей, бір айдан бері мүлдем шаршатты."-дейді ауыл тұрғыны Болатбек Байсаринов.

"Баяғыда 567 гектар жер егін алқабы болатын. Бүгінде тек 220 гектар жер ғана суғарылады. Су жоқ, еккенің қурап қалады. Жайқалған бау бақша да, жайқалған егіс те жоқ"-деп шырылдады ауыл тұрғыны Əбілқасым Ақбаев.

Жергілікті биліктің бұл мəселеден əрине хабары бар. Келес аудандық əкімдігіндегілер бұл мəселе бір жылда шешіле салмайтындығын ашық айтып отыр. "Бір жыл бойында жобаға құжаттар дайындау сынды жұмыстар жүреді. Жан жақты қаралып барып, қаржы бөлінеді. Оған дейін ақжолдықтарды тасымал сумен қамтамасыз ету жағы шешіліп жатыр. Келесі айдан бастап көлікпен тасып беретін боламыз"-дейді Келес аудандық ТҮКШ бөлімінің басшысы Əділхан Кенегесов.

Су мəселесінің ушығу себебін жергілікті жауаптылар толық түсіндіріп бере алмады. "Қазсушар" РМК-нан аудандық əкімдікке Өзбекстан тарапынан келетін су көлемінің екі еске азаятындығы туралы шілде айында арнайы хат келген"-дейді Келес аудандық кəсіпкерлік жəне ауылшаруашылығ бөлімінің басшысы Ергеш Əбішев.