"Алтын сапа-2018" сыйлығы мен "Қазақстанның үздік тауары" көрме-байқауына өзгерістер енді

0
1 913

Өңірлік байқауда жеңімпаз болған компаниялар республикалық байқауға жолдама алады.


ҚР Президентінің "Алтын сапа-2018" сыйлығы мен "Қазақстанның үздік тауары" көрме-байқауы мен оған қатысу шарттарына өзгерістер енгізілді. Бүгін ОҚО "Атамекен" кәсіпкерлер палатасында "Алтын сапа-2018" - бизнес үшін жаңа мүмкіндіктер" тақырыбында болған баспасөз конференциясында қатысушыларға жаңа ережелер түсіндірілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Жыл сайын 3 номинацияда өтетін "Алтын сапа" байқауында биылдан бастап "Азық-түлік тауарлары және ауыл шаруашылығы өнімін шығаратын үздік кәсіпорын" атты жаңа бір номинация енгізілді.
Сонымен қатар, "Үздік индустриялық жоба", "Үздік инновациялық жоба" арнайы сыйлығы бекітілді.
Биылғы байқаудың ең басты ерекшелігі - қаржылай сыйақылардың тағайындалуы.

Өңірлік байқауда жеңімпаз болған компаниялар республикалық байқауға жолдама алады. "Қазақстанның үздік тауары" өңірлік көрме-байқауы 2018 жылдың 22-23 маусымында ОҚО-ның "Көрме" орталығында өтеді.