«Азаматтарға арналған Үкімет» Мемлекеттік корпорациясына» қарасты үш бірдей департамент бірігетін болады

0
1 911

Ағымдағы жылдың ақпан айында өңірде Цифрлық ХҚКО ашылып, азаматтарға ыңғайлы болу үшін өзіне-өзі қызмет көрсету секторы қосылды. Мәселен, Connection point» (өзіне-өзі қызмет ету секторы) жүйесі арқылы екі жыл ішінде 1 млн. 800 мың қызмет көрсетілген.


«Азаматтарға арналған Үкімет» Мемлекеттік корпорациясына» қарасты үш бірдей департамент бірігетін болады

Бұл туралы ОҚО өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің директоры Еркебұлан Әлсейітов мәлім етті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

«Азаматтарға арналған Үкімет» Мемлекеттік корпорациясына» қарасты ОҚО «Халыққа қызмет көрсету орталығы», Жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру және Әлеуметтік төлемдер ведомство аралық есептеу орталығы департаменттері бірігеді. Бұл құрылымдық бөлімшелерді оңтайландырып, түрлі қызметтерді жеңілдетуге бағытталған.

ОҚО-дағы ХҚКО-дан 2018 жылдың басынан қазірге дейін 1 млн. 600 мыңнан астам қызмет көрсетіліп, оның 1 миллионы электронды нұсқада болған. Бүгінде азаматтарға көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрлерінің саны 621-ге жетіп отыр.

«Мамандандырылған ХҚКО арқылы екі жыл ішінде азаматтарға автокөлікті қайта тіркеу бойынша 202 мыңға жуық қызмет көрсетіліп, 70 мыңдай жүргізуші куәлігі берілген. Ал 2018 жылдың басынан бері 62 мыңнан астам автокөлікті қайта тіркеу құжаты қабылданса, 13 мыңға жуық жүргізуші куәлігі тапсырылып отыр», - деді Еркебұлан Асанбайұлы.

Қазіргі таңда Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша 34 Халыққа қызмет көрсету орталығы жұмыс істейді. Ағымдағы жылдың ақпан айында өңірде Цифрлық ХҚКО ашылып, азаматтарға ыңғайлы болу үшін өзіне-өзі қызмет көрсету секторы қосылды. Мәселен, Connection point» (өзіне-өзі қызмет ету секторы) жүйесі арқылы екі жыл ішінде 1 млн. 800 мың қызмет көрсетілген.

Сонымен қатар, бүгінде пилоттық жобалар жоғары сұранысқа ие болып отыр. Олардың қатарында бір реттік пароль қызметі, түнгі ХҚКО, есту және сөйлеу қабілетінің бұзылуы бар азаматтарға мемлекеттік қызмет көрсету сынды жобалар бар. Сондай-ақ, проактивті қызметті (жаңа туған нәрестелерге «sms» арқылы туу туралы куәлік алу) 3 мыңнан астам ана қолданған. Мүмкіндігі шектеулі адамдарға мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша жұмыстар жанданып келеді. Екі жыл ішінде облыс бойынша ХҚКО мамандары азаматтардың үйлеріне бара отырып 10 мыңға жуық қызмет көрсеткен .