​Биыл Түркістан облысына 860 бас асыл тұқымды ірі қара әкелінді

0
102

Импортталған жоғары өнімді мал басын тиімді пайдалану арқылы шаруашылықтардағы сүт өндірісінің көлемін арттыру және өндірістің экономикалық тиімділігін жоғарылату көзделуде.


​Биыл Түркістан облысына 860 бас асыл тұқымды ірі қара әкелінді

Жыл басынан бері Түркістан облысына 860 бас асыл тұқымды ірі қара әкелінді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысындағы «Азия Милк» тауарлы-сүт фермасына Дания елінен қосымша 165 бас голштин тұқымды ірі қара мал жеткізілді. Осылайша, аталған шаруашылыққа Даниядан әкелінген жоғары өнімді сүтті бағыттағы малдың жалпы саны 330 басқа жетті.

Жалпы, Қазақстан Республикасында мал шаруашылығын дамытудың 2026–2030 жылдарға арналған кешенді жоспарын іске асыру шеңберінде Ауыл шаруашылығы министрлігі ағымдағы жылы Түркістан облысына шет елдерден 1 000 бас асыл тұқымды ірі қара мал импорттау жоспарын бекіткен болатын. Бұл меже шеңберінде бұған дейін етті бағыт бойынша «KazPlemzovod» ЖШС-не 200 бас қалмақ тұқымды мал, ал сүтті бағыт бойынша Даниядан Түлкібас ауданындағы «Майлыкен Ферм» тауарлы-сүт фермасына 165 бас және «Dar Organik» фермасына 165 бас голштин тұқымды ірі қара малы импортталған еді.

Бүгінгі күнге дейін Түркістан облысына 860 бас асыл тұқымды ірі қара мал импортталды. Импортталған жоғары өнімді мал басын тиімді пайдалану арқылы шаруашылықтардағы сүт өндірісінің көлемін арттыру және өндірістің экономикалық тиімділігін жоғарылату көзделуде.

Мемлекеттік қолдау шараларын жүйелі пайдалану нәтижесінде Түркістан облысы жыл соңына дейін бекітілген 1 000 бас асыл тұқымды ірі қара мал импорттау жоспарын 100 пайызға орындауды жоспарлап отыр.

Бөлісу