7 мың көрерменге лайықталған.
Нұрсұлтан Назарбаев «Самұрық-Қазына» АҚ қолдауымен салынған жаңа спорт нысанымен танысты, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев "Түркістан-Арена" стадионымен танысты. Бұл туралы еlbasy.kz порталы жариялады.
Атап айтсақ, Түркістан қаласында жаңадан бой көтерген садионның трибуналары жеті мың көрерменге есептелген. Ашық аренаның батыс және шығыс трибуналары бар. Сонымен қатар спорттық ғимаратта акробатика, бокс және ауыр атлетика жаттығу залдары орналасқан.