«Елбасымыздың Түркістанға деген ықыласы ерекше»

0
1 265


«Елбасымыздың Түркістанға деген ықыласы ерекше»

Елбасымыздың бүгінгі "Ұлы даланың жеті қыры" атты мақаласы тарихи таным, салт-дәстүр ұғымдарын бір арнаға тоғыстырады.

Ұлт тарихындағы кеңістік пен уақыт қазақ мәдениетінің өскендігін, дамығандығын көрсетеді. Қазақ елінің, жалпы түркі әлемінің жақұттары, мына біздің Ұлы Даламыздың төсінде екендігін жеткізген. Расында да Қазақ даласы қазба байлықтың ғана ордасы емес, салт-дәстүрдің ұйыған мекені, күллі түркі дүниесінің бесігі саналады.

Мақалада Елбасы Түркістан қаласын дамыту мәселесіне ерекше тоқталды. Осыдан-ақ Президентіміздің осы шаһарға деген ыстық ілтипаты мен құрметі аңғарылады. Бұл мақаладағы ұлы мұраттар біз секілді Түркістан жастарына жігер, шабыт, серпін береді.
Осынау жарқын тарихтың көз алдымызда жасалып жатқанына қуаныштымыз және Түркістанды шартарапқа таныту мақсатында жастық жалынымыз бен отанға деген сезімімімізді арнаймыз.
Үміт ТҰРСЫХАН,
Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-дың студенті