Елордалық дәрігерлер түркістандық мамандармен тәжірибе алмасады

0
728

Медицина саласы мамандарының облыстағы сапары 3-кунге созылады.


Елордалық дәрігерлер түркістандық мамандармен тәжірибе алмасады

Елордалық білікті дәрігерлер түркістандық мамандармен тәжірибе алмасады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Республикалық деңгейдегі жоғары білікті медицина мамандары Түркістан облысына тәжірибе алмасу бойынша келді. Олардың қатарынданеврология, педиатриялық ревматология, эндокринология, гастроэнтерология, кардиология, ортопедия, урология мамандары бар. Оған қоса ересектер үшін хирургия, гинекология, кардиология, радиология, интервенциялық хирургия, репродуктология; мейірбике қызметінің мамандары келген.


Бұл туралы бүгінгі брифингтеUMCкорпоротивтік қорыныңмедициналық директордың орынбасары Венера Алтынова жәнеҚоғамдық денсаулық басқарма басшысының орынбасары Ермек Атшыбайұлы мәлімдеді.


Оның айтуынша, Түркістан облысына барлығы 11 дәрігер келген. Елдордадан келгенмедицина саласы мамандарының облыстағы сапары 3-кунге созылады. Олар Сарыағаш ауданының ауруханасына жұмыс сапарымен барады. Облыстық балалар ауруханасындаконсультативтік кеңестер өткізіліп, оталар жасалатын болады.