"Ғаламторға жіберемін" деп қорқытқан - Түркістан облысында жасөспірімді зорлаған экс-полицей сотталды

0
951

Жасөспірімді «бейнетаспаны ғаламторға жіберемін» деп қорқытып, бірнеше рет зорлаған.


Түркістан облысында кәмелетке толмаған жасөспірімге сексуалды зорлық көрсеткен экс-полицейі сотталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Түркістан облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлады.

Түркістан облысының полицейі 2013 жылғы наурыз айында спирттік ішімдік ішкен мас халдегі кәмелетке толмаған жасөспірімнің дәрменсіз күйін пайдаланып, сексуалдық сипаттағы еркекпен еркектің жыныстық қатынасына мәжбүрлеп, зорлық әрекетін жасаған және бейнежазбаға түсіріп алған.
Сотталған полиция қызметкері осыдан кейін де қылмыстық әрекеттерін жалғастырған. 2013-2014 жылдары кәмелетке толмаған жасөспірімді «бейнетаспаны ғаламторға жіберемін» деп қорқытып, бірнеше рет зорлап, ақша талап етіп, жәбірленушіден алтын сақина, ұялы телефон бопсалаған.
Айыпталушыға 15 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, «полиция капитаны» атағынан айырылды, деп хабарлады Түркістан облыстық сотының баспасөз қызметі.