Қайырымды жандар балаларға қуаныш сыйлады

0
1 692

Аталған шараға «Жігіттер» квартетінің әншісі Айдар Тұрғанбек және Әлия Юсупова қатысты.


Қайырымды жандар балаларға қуаныш сыйлады

Түркістан облысында ерекше қайырымдылық шарасы өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

2019 жылдың 10 қаңтар күні Келес ауданы әкімдігі қолдауымен, «Жастар ресурсттық орталығы» КММ ұйымдастыруымен және Келес ауданының ерікті жасы Камал Айбардың белсенділігімен, Келес ауданының ауылдық округтерінен жиналған аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған оқушыларға «Жастардан жылулық» атты қайырымдылық іс-шарасы өтті. Арнайы Келес ауданының әкімі Ақментай Есбаев және аудандық мәслихат хатшысы Арын Тотиков оқушыларға сәттілік тілеп, ақ жол айтып шығарып салды.

Кәсіпкер азаматтардың қолдауымен оқушы бүлдіршіндер Шымкент қаласындағы «Shymkent Plaza» ойын сауық орталығында ақысыз ойнап көңіл-күйін көтеруге және тамақ мәзірі бойынша тегін тамақтануға мүмкіндік алды.

Сондай-ақ, қайырымдылық шараға елімізге танымал көркем гимнастикадан спорт шебері Алия Юсупова, «Жігіттер» квартетінің әншісі Айдар Тұрғанбек сынды азаматтар бүлдіршіндердің көңілін көтеріп, балалармен бірлесе түрлі ойындар ойнады.


дереккөз: Келес ауданы әкімінің баспасөз қызметі