Осыған дейін бұл процедура 7 айға дейін созылатын.
Қазақстанда Сайрам тарихи аймағының атымен жаңа бренд пайда болды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Қазақстанда Сайрам тарихи аймағының атымен жаңа бренд пайда болды. Бұл туралы ҚР Әділет министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли мәлімдеді.
«Құрметті әріптестер, сіздердің назарларыңызға тағы бір маңызды ақпаратты ұсынғым келеді. Қазақстанда жаңадан Сайрам географиялық көрсеткіш тіркелгенін ресми мәлімдейміз! Сайрам – Ұлы Жібек жолындағы ортағасырлық ірі қала. Тарихи нысанның атын насихаттап, сауда-саттықта танымал ету мақсатында өтініш беруші серіктестік нан-тоқаш өнімдерін шығаратын «Сайрам» атауын таңдаған. Осылайша елімізде 5 географиялық көрсеткіш тіркелді. Олар: «Түркістан» балмұздағы, «Түркістан» шоколады, «Алматы апорты», «Қарағанды» балмұздағы және «Сайрам» кексі», – деді Талғат Уәли.
Айта кетейік наурыз айынан бастап тауар таңбаларына жедел сараптама жүргізу қызметі енгізілді. Өтініш берушілерге жеделдетілген сараптама жүргізу арқылы 3 ай ішінде тауар белгілерін құқықтық қорғауға мүмкіндік беріліп отыр. Осыған дейін бұл процедура 7 айға дейін созылатын.