Қазақстандағы байдарка және каноэда есу спортынан алғашқы Азия чемпионаты Түркістанда өтеді

0
68

Азия конфедерациясының (ACC) конгресінде тарихи шешім қабылданды.


Қазақстандағы байдарка және каноэда есу спортынан алғашқы Азия чемпионаты Түркістанда өтеді

Ел тарихында тұңғыш рет байдарка және каноэда есу спортынан Түркістанда Азия чемпионаты өтеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


26 қазанда Тайландта байдарка және каноэда есуден Азия конфедерациясының (ACC) конгресінде тарихи шешім қабылданды.


Азиялық федерациялар басшыларының басым дауысымен 2026 жылдың маусым айында Қазақстанның тарихи шаһары – Түркістанда 23 жасқа дейінгі спортшылар арасында байдарка және каноэда есуден Азия чемпионаты мен параканоэден VI Азия чемпионаты өтетін болды.


Бұл – елімізде байдарка және каноэда есуден, сондай-ақ параканоэден осындай деңгейдегі жарыстардың алғаш рет өткізілуі.


Түркістанға Азия құрлығының 30 елінен 500-ге жуық мықты спортшы жиналады деп күтілуде.


Айта кетейік, Түркістандағы халықаралық талапқа сай ескек есу кешені биыл пайдалануға берілді. Орталық Азияда теңдесі жоқ нысан тұрақты түрде әлемдік деңгейдегі сайыстарды қабылдамақ.

Бөлісу