Кентаулық хирургтың 2 мыңға жуық «зажигалкасы» бар

0
2 232

Кентау қаласында дәрігер болып істейтін Нұрмахат Жақаевтың кәдесыйларды жинап жүргеніне 40 жылға жуықтаған.


Кентаулық хирургтың 2 мыңға жуық «зажигалкасы» бар

Кентаулық дәрігер Нұрмахамат Жақаев сонау 1980 жылдан бері кәдесыйлар жинап келеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Нұрмахамат Жақаев, өткен ғасырдан бері оттық жинауға әуестенген. Ол уақытта қазіргідей оттықтың алуан түрлері болмаған екен. Жоғарғы оқу орнын аяқтаған соң, мамандығы бойынша қызмет атқара бастағаннан кәдесый жинауға деген әуестігі арта түсіпті.

Қазіргі таңда Нұрмахамат Жақаевтың Кентау қаласында жекеменшік емханасы бар. Онда барсаңыз емханаға емес, құдды бір мұражайға кіргендей әсерде боласыз.

Дәлізге кіргеннен қабырға түрлі бұйымдарға толы. Білікті хирург бүгінге дейін Қазақстанның барлық қалаларында болып, бірнеше елге саяхат жасаған. Тіпті, Біріккен Араб әмірліктері мен Еуропаның онға жуық мемлекеттерінен түрлі бұйымдар жинапты.

Мұрағаттық қоржынында оттық және қаламсаптар, пышақтар бар. Емхананың басқа бөлмелерінде де қолдан арнайы салдырған суреттер ілулі тұр.

«Барған жерден ең бірінші міндетті түрде галстук аламын. Соған сәйкес көйлек пен аяқ киім аламын. Өзім тазалықты ең әуелгі орынға қоямын. Қазіргі бөлмемде тұрған колллекцияның санын санамадым. Алайда, оттықтың 2000-ға жуық түрі бар. Барлығы дерлік қолданысқа жарамды. Бір затты алуым керек деп арнайы іздеп барған емеспін. Тек саяхаттап барған жерімнен өзіме ұнаған, әрі қоржынымда жоқ бұйымдарды аламын. Еуропадан тек Греция мемлекетіне ғана барған жоқпын. Енді сол елден бір естелік ретінде коллекцияма бір дүние қосқым келеді»,-дейді коллекционер.

Нұрмахамат ағамыздың ұлдары мен туыстары бүгінде сыйлық ретінде алуан түрлі бұйымдары сыйға тартады. «Хоббиды сыйға тартуға болмайды» деген қағиданы ұстанатын ол ешкімге коллекциясынан зат бермейді екен. Барлық бұйымдарың өз алдына құны бөлек. Ішінде мыстан жасалған тұлпардың мүсіні мен таза күмістен тапсырыспен құйылған қанжар бар. Бүгінде үлкен немересі де атасының әуестігіне қызығып, өз алдына ашық хат жинаумен айналысып жүр.

Нұрмахамат Жақаевтың ұл-қыздары болашақта әкесі жинаған кәдесыйлардан мұражай жасамақ екен.