«КИЕЛІ МЕКЕН»: Қазығұрттағы кесенелерде тазалық жұмыстары жүргізілді

0
536

Ауыл тұрғындары, ауданның белсенді жастары, еріктілер мен ауыл ақсақалдары қатысты.


«КИЕЛІ МЕКЕН»: Қазығұрттағы кесенелерде тазалық жұмыстары жүргізілді

Қазығұрт ауданы, Тұрбат ауыл округінде орналасқан «Ысмайыл ата» және «Ысқақ ата» сәулет кешендерінде тазалық жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Қоғамда қоршаған ортаны қорғау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында еліміз бойынша өткізіліп жатқан «Таза Қазақстан» акциясының «Киелі мекен» апталығы аясында Қазығұрт ауданы, Тұрбат ауыл округінде орналасқан «Ысмайыл ата» және «Ысқақ ата» сәулет кешендерінде тазалық жұмыстары жүргізілді. Аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен өткен шараға ауыл тұрғындары, ауданның белсенді жастары, еріктілер мен ауыл ақсақалдары қатысты.


Тазалық акциясы барысында жастар тарапынан әулиелі және қасиетті саналатын Ысмайыл ата, Ысқақ ата, Жәбрейіл ата, Қошқар ата кесенелерінің айналасы қоқыстардан тазартылып, көшеттер егіліп, ескіріп сылағы түскен қабырғаларын ақтап-әрлеу жұмыстары жүргізілді.


Ауыл ақсақалдары еріктілер мен жастарға өткізіліп жатқан экологиялық акцияның мән-мағынасын түсіндіріп, ауыл тұрғындары атынан алғыс айтып, апталыққа қатысушыларға бата берді.