«КИЕЛІ МЕКЕН»: «Ұзын ата» кесенесінің маңында сенбілік өтті

0
468

Шараға 50-ге жуық адам қатысып, кесененің айналасы тазартылды.


«КИЕЛІ МЕКЕН»: «Ұзын ата» кесенесінің маңында сенбілік өтті

Шардара ауданындағы «Ұзын ата» кесенесінің маңында сенбілік өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


«Киелі мекен» апталығына орай, Шардара ауданындағы «Ұзын ата» кесенесінің маңында сенбілік өтті. Шараға 50-ге жуық адам қатысып, кесененің айналасы тазартылды. Сондай-ақ ағаштар әктеліп, жер қопсыту жұмыстары жүргізілді. Жалпы аудандағы экоакцияға жастар мен еріктілер және аудан тұрғындары белсенді қатысуда. Тазалық жұмыстары барысында көше бойлары тазартылып, тал мен үй қасбеттері сырланып, саябақтар ретке келтірілуде.


Айта кетсек, «Ұзын ата» кесенесі Әмір Темірдің бұйрығымен XIV ғасырда тұрғызылған. Кесене толықтай күйдірілген кірпішпен салынған. Ұзын ата - Ақсақ Темірдің бас кеңесшілерінін бірі болған деседі. Кесене маңдайшасына араб тілінде «Шер Мұхаммед Хәлім Дүрманұлы 1377 жылы қайтыс болып, осында жерленген» деп жазылған. Бұл тақтайшадағы жазу Ұзын атаның азан шақырып қойылған есімі деген дерек бар.