"Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша 500 пәтер пайдалануға беріледі

0
1 575

2018 жылы бірнеше жаңак әлеуметтік нысандар жұмыс істей бастады.


ERNUR.KZ. Түркістан облысы Құрылыс басқармасының басшысы Қ. Жамашев 2018 жылғы пайдалануға берілетін нысандар жөнінде БАҚ өкілдеріне бриффинг өткізді, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

2018 жылы облыстық құрылыс және аудан-қала әкімдіктері тапсырысшы болып табылатын 172 инвестициялық жобаның іске асырылуына 30,6 млрд. теңге қаралған.

172 нысанның 11-і (білім - 5, тұрғын үй - 4,мәдениет - 2) құрылысы аяқталып, пайдалануға берілген. Білім беру саласына жалпы 83 нысан құрылысына 15,9 млрд. теңгеқаралды, оның ішінде: республикалық бюджеттен құрылысы жоспарланған 12 мектепті алдағы жылы ел игілігіне беру жоспарланып, бүгінгі таңда 1 нысан жұмыс жасап жатыр. Облыстық бюджеттен қаралған 11,5 млрд. теңгеге 67 нысан құрылысын жүргізіп, оның ішінде 4 нысан, мәдениет саласына қаралған 241,1 млн. теңгеге 3 нысан (2 мәдениет үйі, 1 мұражайға қосымша) құрылысы жүргізіліп, бүгінгі таңда 2 нысан (1 мәдениет үйі, 1 мұражайға қосымша) жұмыс істеуді бастады.

"Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша 2018 жылы мемлекеттік бюджет есебінен 2449 пәтер (73 тұрғын үй) құрылысы жүргізілуде. Осы жылдың соңына дейін 500 пәтер (35 тұрғын үй) пайдалануға тапсырылады. Оған республикалық бюджеттен – 2,1 млрд. облыстық бюджеттен – 4,6 млрд. теңге қарастырылған.