ОҚО-да 100-ші бүйрек трансплантациясы сәтті өтті

0
2 352

Бүгінде ОҚО да 700-ге жуық науқас бүйрек жетіспеушілігімен, 500 пациент бауыр жеткіліксіздігімен тіркелген. Осыған дейін бүйрек алмастыру бойынша 100 ота жасған дәрігерлер 15 рет бауыр трансплантациясын өткізген.


ОҚО-да 100-ші бүйрек трансплантациясы сәтті өтті

ОҚО-да бүйрек трансплантациясының 100-і отасы өтті. Сәтті өткен операция туралы, Оңтүстік Қазақстан облысында медициналық туризмді дамыту туралы дәрігерлер БАҚ өкілдерімен кездесу барысында айтып берді, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Шымкент қалалық жедел медициналық көмек көрсету ауруханасында 2013 жылдан қолға алынған ағза трансплантологиясы бағытында біршама жұмыстар атқарылыпты. Мекеменің материалдық базасы нығайтылып, мамандары шетелде біліктілігін арттырып келген. Мұнда шетелдік азаматтарға да бүйрек ауыстыру отасы жасалынады.

" Германия, Канада, Израйль, Румыния елдерінен де науқастар келіп ем қабылдауда. Шетел азаматтарының Шымкент қаласының отасына жүгінуінің басты себебі: қолайлы климат, білікті мамандардың қызмет етуі, баға қолжетімділігі болып табылады",-дейді бас дәрігердің хирургия жөніндегі орынбасары, трансплантолог Абылай Донбай.

Бір отаның құны 4 млн. теңге шамасында және Қазақстан Республикасының азаматтарына квота арқылы ақысыз жасалынады. Гемодиализ де тегін. Бұл мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан үлкен көмек.


Бүгінде ОҚО да 700-ге жуық науқас бүйрек жетіспеушілігімен, 500 пациент бауыр жеткіліксіздігімен тіркелген. Осыған дейін бүйрек алмастыру бойынша 100 ота жасаған дәрігерлер 15 рет бауыр трансплантациясын өткізген.

"Қант диабетімен ауырғаныма 20 жылдай болды, соның салдарынан бүйрегім сыр бере бастады. Қарындасымның донор болуының арқасында операция ойдағыдай өтті. Міне, отаның аяқталғанына 5 күн болды, жағдайым жақсы, медицина қызметкеріне алғысым шексіз. Жұмыстарына табыстілеймін,- деп ризашылығын білдірді 100-ші отаны басынан өткерген 63 жастағы емделуші Төлешов Бекен.