ОҚО-да сынақ ретінде «Ладожский» гибридтік жүгері сортын егу қолға алынды

0
3 773

Оңтүстік Қазақстан облысының климаты бұл жүгері сортын егуге өте қолайлы дейді мамандар. Ең бастысы, аталған астық жүгеріні мал және құс шаруашылығына құрама жем ретінде пайдалуға болады.


ОҚО-да сынақ ретінде «Ладожский»  гибридтік жүгері сортын егу қолға алынды

Оңтүстік Қазақстан облысындағы Отырар және Сарыағаш аудандарында «Шымкент» Әлеуметтік Кәсіпкерлік Корпорациясының бастамасымен «Заманауи технология бойынша жүгеріөсіру» атты семинар-кеңес өтті. Шарағааталған екі ауданның әкім орынбасарлары мен ауыл шаруашылығы бөлімдері және 100-ге тарта ірі шаруа қожалықтарының басшылары қатысты.

Семинар барысындафермерлерге ресейлік «Кубань»агрохолдингі мен қазақстандық «Агроимпекс» ЖШС-нің мамандары«Ладожский» гибридтік жүгері сорттының артықшылықтары туралы ақыл-кеңестерін берді.Сондай-ақ, олар "Ладожский" гибридтік жүгері сорттын эксперимент ретінде екі ауданда 3 гектар алқапқа егіп көру мәселесін көтерді.

Оңтүстік Қазақстан облысының климаты бұл жүгері сортын егуге өте қолайлы дейді мамандар. Ең бастысы, аталған астық жүгеріні мал және құс шаруашылығына құрама жем ретінде пайдалуға болады. Қажетті технологияларды толық сақтаған жағдайда бұл жүгері сортының бір гектарынан 10-12 тонна өнім алуға мүмкіндік бар.Мәселен наурыз айында егілген дақыл түрі жаздың соңына қарай өнім бере бастайды.Яғни шамамен 98 күнде пісіп жетіледі. Жүгері сортының ең басты құндылығы - құрғақшылыққа, аурулар мен зиянкестерге төзімді келеді. «Ладожский» гибридтік жүгері сорттын шаруалар «Агроимпекс» ЖШС-нің қоймаларынан сатып алуына болады.

дерекөз: ОҚО әкімінің баспасөз қызметі