Елордамыз - Астана қаласының 20 жылдығы аясында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің бастамасымен Оңтүстік Қазақстан облысы, Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық филармония залында «Burabay Summer Fest» Халықаралық балалар мен жасөспірімдер телевизиялық фестивалі өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Фестивальдің мақсаты - еліміздің әрбір облыс, аудандарындағы дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және оларға жан-жақты қолдау көрсету, шығармашылық қабілеттілігін дамыта отырып, орындаушылық шеберліктерін шыңдау, халықаралық мәдени байланыстарды дамыту және нығайту, тәжірибе алмасу, отансүйгіштікке тәрбиелеу, еліміздің ұлттық өнері мен тарихына деген қызығушылықты арттыру, жалпыадамгершілік құндылықтарды қалыптастыру болып табылады.
Еліміздің барлық облыс, қалаларынан іріктелген үміткерлер Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен 2018 жылғы 2-11 маусым күндері Ақмола облысы Бурабай демалыс аймағында бақ сынап, 16 маусым күні Астана қаласындағы гала-концертке қатысатын болады.