ОҚО: Мақта алқабы химиялық өңдеуден өтпесе диқандар өнімсіз қалуы мүмкін

0
2 510

Бірақ конкурс әлі өтпеген, ал мамандар маусым айының екінші жартысында зиянкестер жаппай ұшады деп отыр.


ОҚО: Мақта алқабы химиялық өңдеуден өтпесе диқандар өнімсіз қалуы мүмкін

Биыл Оңтүстік Қазақстан облысында аса қауіпті мақта зиянкестерін жою үшін 53 мың гектар алқапты өңдеу жоспарланып отыр. Оның 36 мыңға жуығы мақта көбелегіне, қалғаны өрмек кенеге қарсы өңделмек. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 16 мың гектарға көп деп хабарлайды 24.kz.

Мақта көбелегімен күресу үшін 20 мың гектар жерге жойғыш дәрі себіледі. Оған жергілікті бюджеттен 44 млн теңге қаржы бөлінген. «Ал қалған егістікті қорғау үшін химиялық препараттарды «Агроөнеркәсіп кешені мемлекеттік инспекция комитеті» сатып алуы керек», – дейді облыстық аймақтық инспекция өкілдері. Бірақ конкурс әлі өтпеген, ал мамандар маусым айының екінші жартысында зиянкестер жаппай ұшады деп отыр. Дәл қазіргі уақытта алқаптарда химиялық өңдеу жұмыстары жүргізілуі тиіс.

Нұржан Қашкенов, ОҚО аймақтық инспекциясының жетекшісі:

- Қазіргі таңда біздің жоспарға сәйкес, өрмекші-кенеге қарсы мақта дақылына 20 маусым күндері химиялық өңдеу шараларын жүргізуіміз қажет. Ал енді көсек құрты бойынша шілде айының 15-інен тамыз айының 5-сі аралығында қауіпті кезеңдер болады. Сол кезде бөлінген қаржы есебінен мақтаны көбелек құрытынан тазалау жұмыстарын жүргіземіз.