​Отырар ауданында 3 әлеуметтік нысан пайдалануға берілді

0
2 193

140 орындық «Алпамыс» бөбекжай балабақшасы мен мемлекеттік жекеменшік әріптестік аясында салынған 100 орындық «Біләл ата» бөбекжай балабақшасы және заманауи үлгіде бой көтерген мәдениет ошағы ел игілігіне тапсырылды.


​Отырар ауданында 3 әлеуметтік нысан пайдалануға берілді

Түркістан облысының Отырар ауданында Астана қаласының 20 жылдығына орай 3 әлеуметтік нысан пайдалануға берілді деп хабарлайды ERNUR.KZ Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Астана қаласының 20 жылдығына орай 140 орындық «Алпамыс» бөбекжай балабақшасы мен мемлекеттік жекеменшік әріптестік аясында салынған 100 орындық «Біләл ата» бөбекжай балабақшасы және заманауи үлгіде бой көтерген мәдениет ошағы ел игілігіне тапсырылды.

«Жалпы облыста 1790-дай балабақша болса, соның 1 мыңға жуығы жекеменшік. Мұның барлығына мемлекеттен қаржы беріліп отыр. Осының арқасында балаларды балабақшамен қамту көлемі артып отыр. Бұл мемлекетте жүргізілген саясаттың нәтижесі мен жемісі деп білемін. Балабақшамен қамту бойынша Қазақстан бүкіл дүниеде алдыңғы қатарда. Шетелде әр балаға 400 доллардан төлейді. Еуропадағы ең мықты деген елдердегі көпшілік балабақшадағы әрбір топта жатын бөлме, ойнайтын бөлме жоқ. Ал бізде Мемлекет басшысымыз болашақ ұрпаққа жақсы жағдай жасап отыр», - деді ашылу салтанатына қатысқан облыс әкімі Жансейіт Түймебаев.

Аталған бөбекжайларда жас өскіндерді сапалы тәрбиелеп, ой өрістерінің өсуіне, яғни білімді болып ер-жетуіне, осы заманның үлгі жақтары түгел жасалған. Балабақша ішіндегі балалар ойын алаңына да ерекше көңіл бөлінген. Өйткені, мұнда бүлдіршіндерге тек тәрбие беріп қана қоймай олардың спортпен айналысуына баса назар аударылған.

Бұдан бөлек, өңір басшысы Темір ауылында ашылған 200 орындық мәдениет үйінің жұмысымен танысты.