Саулауда әр азаматтың дауысы маңызды

0
535

Ауқымды әлеуметтік-экономикалық шаралар - еліміздің дамуын көздейтін жаңа бастамалар.


Саулауда әр азаматтың дауысы маңызды

Ауқымды әлеуметтік-экономикалық шаралар - еліміздің дамуын көздейтін жаңа бастамалар. Халық саяси жүйенің өзгеретініне, билік тармақтары арасындағы тиімді тепе-теңдікке сенім артуда. Сенім-сеңгір тауды да қозғайды.


20 қарашада өтетін Президент сайлауы қоғамның жаңаруы мен жаңғыруының көрінісі болмақ. Сайлау елімізге тұрақтылық, конституциялық реформаларды іске асырып, саяси жаңғыруды әкеледі. Бұл - еліміздегі маңызды өзгеріс.


Кезектен тыс сайлау әр жанұяға,әр азаматқа, келешекке нық қадам жасауға бағыт-бағдар береді. Сайлауға бір кісідей қатысып, азаматтық борышымызды өтегеніміз абзал. Мен сайлауға қатысамын және сіздерді де белсене қатысуға шақырамын.


Сіздің дауысыңыз – ел ертеңі үшін маңызды.


Айдос АБПАЗОВ,

Түркістан жоғары көпсалалы, қолөнер колледжінің директоры

Бөлісу