Сенатор Әли Бектаевтың қатысуымен өткен мәжіліс (толықтырылған нұсқасы)

0
1 336

«Шымкент қаласы республикамыздың үшінші мегаполисі болып танылғанға дейін ауыл халқы жаппай қалаға қоныс аударып келген. Енді алдағы уақытта ірі мегаполистің біріне айналған қалаға көшіп келуге ниеттілер қатары бұдан да артады. Екі қолға бір жұмыс таба алмай қаладан тұрақты жұмыс табуды көздеп келген ауылдағы ағайын баласының қалада білім алып, шет тілдерді еркін меңгергенін қалайды. Жер алып, үй салсам дейді. Мұнысы әрине, орынды. Жақсы өмірді қаламайтын адам жоқ. Міне, ендігі кезекте ауылдан қалаға қоныс аударған азаматтарды қолдауымыз, көмек беруіміз керек дегенді айтқым келеді», - деді сенатор.


Сенатор Әли Бектаевтың қатысуымен өткен мәжіліс (толықтырылған нұсқасы)

ERNUR.KZ ҚР Парламенті Сенатының депутаты "Президенттің бес әлеуметтік бастамасы" атты Елбасы Үндеуіндегі көпшілікті толғандырған әлеуметтік мәселелерді кеңінен таныстырды.

«Шымкент қаласы республикамыздың үшінші мегаполисі болып танылғанға дейін ауыл халқы жаппай қалаға қоныс аударып келген. Енді алдағы уақытта ірі мегаполистің біріне айналған қалаға көшіп келуге ниеттілер қатары бұдан да артады. Екі қолға бір жұмыс таба алмай, қаладан тұрақты жұмыс табуды көздеп келген ауылдағы ағайын баласының қалада білім алып, шет тілдерді еркін меңгергенін қалайды. Жер алып, үй салсам дейді. Мұнысы әрине, орынды. Жақсы өмірді қаламайтын адам жоқ. Міне, ендігі кезекте ауылдан қалаға қоныс аударған азаматтарды қолдауымыз, көмек беруіміз керек дегенді айтқым келеді», - деді сенатор.

Биылғы жылы елімізде жоғары оқу орындарына қосымша 20 мың білім гранты беріліп, оның 11 мыңға жуығы техникалық және ауылшаруашылық мамандықтарға тиесілі екенін айтқан Әли Әбдікәрімұлы бүгінгі күні аталған мамандықтарға сұраныс едәуір артқанына тоқталды. Ең бастысы мұны жастардың да түсініп, осы саланың маманы атанғысы келетініне қуанғанын да жасырмады.

Жалпы әрбір қала, ауы тұрғыны үшін маңызды саналатын баспана беру, урбанизация, шағын несие, жеке табыс салығы, көгілдір отын және тағы да басқа мәселелер сөз етіліп, сенатор түсіндіру жұмыстарын жасап қана қоймай, кеңестер де берді.

Мәжіліс барысында «Нұр Отан» партиясы Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалы, саяси мәселелер бөлімінің меңгерушісі Ғ.Ташқараев, М.Әуезов атындағы университетінің «Қазақстан Халқы Ассамблеясы» арнайы кафедрасының меңгерушісі, заң ғалымдарының кандидаты, доцент А.Есенәлиевтер сөз алып, пікір бөлісті.