Фестиваль суреттері әлеуметтік желілерде пайда бола салысымен, желі қолданушыларының да ашуына келді. Бірінен соң бірі парақшаларына салып, наразылықтарын білдірген көпшілік, туризмді дамыту үшін жасалған жобалардың кемшіліктеріне де көбірек көңіл бөлініп, бір ретке келтіруін сұрайды.
Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданында «Ақсу-Жабағылы алауы, Шұбайқызыл жалауы» республикалық Қызғалдақ фестивалі өтті.
Алайда, еліміздің «Қызыл кітабына» енген грейг қызғалдақтарының келушілер табанының астында тапталғаны мен тамырымен жұлынғаны көпшіліктің көңіліне қаяу түсірді. «Қазақстандағы туризмді дамыту мақсатында жүзеге асырылған шаралардың көп болғаны жақсы. Сол арқылы шетелдіктерді қызықтыра алсақ, елімізге деген қызығушылығын арттыра алсақ, қуанар едік. Бірақ жайқалып өсіп, жазық даламызға сән берер әсем гүлдердің табандарда тапталғаны жанымызға батты», деп жазады әлеуметтік желі қолданушылары.
Фестиваль суреттері әлеуметтік желілерде пайда бола салысымен, желі қолданушыларының да ашуына келді. Бірінен соң бірі парақшаларына салып, наразылықтарын білдірген көпшілік, туризмді дамыту үшін жасалған жобалардың кемшіліктеріне де көбірек көңіл бөлініп, бір ретке келтіруін сұрайды.
Ғани Назарбек, әлеуметтік желі қолданушы:
«Керемет көңіл күймен барып едім...»
Нұршат Төкен: «Туризмді түлеткен жақсы. Қызғалдақ фестивалін ұйымдастырған онан да жақсы. Ал, "Қызыл кітапқа" енген даланың әсем гүлін табанға таптау жаман. Тамырынан үзіп алу тіпті жаманның жаманы. #Әбіләкім мына xас сұлудың қолындағы жұлынған, анау қос аяқтының табанында қор болған #ШырайлыШұбайқызылымның обалы кімде?!»
Кеңесбай Исмаилов: «Жоғары жақта емес, қырдың етегінде өткізсе де болар еді фестивальді...»
Оңтүстік тұрғындарының көңіліне кірбің түсірген фестивальдің ұйымдастырушылары келесіде айтылған сын-пікірлерді ескереді деген ойдамыз.