​Шымкенттің бас жоспары кешенді жүзеге асырылады

0
2 059

Шымкент қаласының әкімі қаланың бас жоспарына сәйкес шаһардың егжей-тегжей жоспарын іске асырудың кешенді жобасына қол қойды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


​Шымкенттің бас жоспары кешенді жүзеге асырылады

Шымкент қаласының әкімі қаланың бас жоспарына сәйкес шаһардың егжей-тегжей жоспарын іске асырудың кешенді жобасына қол қойды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шымкенттің Бас жоспарын өзектендірудің бірнеше себебі бар. Мәселен, қалада жоспарға сай келмейтін құрылыс нысандары кездеседі, бірқатар үйлер ауыл шаруашылығы саласына арналған жерде салынған.

Айта кетейік, бұған дейін шаһар жоспарының егжей-тегжей жобасы қала әкімі Нұрлан Сауранбаевтың сынына ұшыраған болатын. Себебі, жобаны авторларымен бірге талқылаған кезде оның қала аудандарына сай келмейтіні анықталған еді.

"Сіздер бұл аумақтарда адамдар тұратынын есепке алмағансыздар. Шағынаудан тұрғындарының жағдайы қаралмаған. Бұл жұмысты қабылдай алмаймын", – деген еді әкім. Жалпы, Шымкенттің бас жоспарын өзектендіру жұмысы үш жыл көлемінде жүрді.

- Бас жоспарға сай келмейтін тұрғын үйлер 30 пайызды құрайтын. Яғни, бас жоспарда бұл үйлер көрсетілмеген. Бұл дегеніміз - тұрғындар инженерлік инфрақұрылымдар мен жолдар жүргізе алмады. Олар тұрғылықты жерінде тіркеле алмады және соның салдарынан емханаға немесе мектепке де бекітілмеді. Бұл аудандардың болашағы жоқ еді, - деп атап өтті Шымкенттің бас сәулетшісі Нұрлан Архабаев.

Жоспарды өзектендіру қалаға қосылған көптеген елдімекендердің жобасын егжей-тегжейлі қарастыруға мүмкіндік береді. Ал Бас жоспар – қаланы дамытудың ұзақ мерзімді тұжырымдамалық бағдарламасы.