Шымкентте асылып қалған жасөспірімге жоғары сынып оқушылары маза бермеген

0
1 161

Шымкенттегі «Қайнар бұлақ» тұрғын алабында өз өзіне қол салып, көз жұмған жасөспірім хат қалдырыпты, - деп хабарлайды otyrar.kz. Онда әлдекімдердің аты-жөні жазылған. Бірақ хатты беруге бата алмаса керек. Әбден майдалап жыртқан. Оны анасы баласының қалтасынан тауып алыпты. 16 жастағы жасөспірім үйдің кенжесі екен. Қаладағы №83 мектепте оқыған.


Шымкентте асылып қалған жасөспірімге жоғары сынып оқушылары маза бермеген

фото: otyrar.kz

Шымкенттегі «Қайнар бұлақ» тұрғын алабында өз өзіне қол салып, көз жұмған жасөспірім хат қалдырыпты, - деп хабарлайды otyrar.kz. Онда әлдекімдердің аты-жөні жазылған. Бірақ хатты беруге бата алмаса керек. Әбден майдалап жыртқан. Оны анасы баласының қалтасынан тауып алыпты. 16 жастағы жасөспірім үйдің кенжесі екен. Қаладағы №83 мектепте оқыған.

Марқұм сабақты жақсы оқыған, ешқандай бөтен қылығы жоқ, тәртіпті болған. Баласының көңіл күйіндегі құбылмалылықты анасы байқаған екен. Алайда оны алдағы ҰБТ сынағына байланысты қобалжу деп жорыған.

«Әдеттегідей үйге келген соң тамақ дайындауымды өтінді. Ашулы, біреуге өкпелідей көрінді. Аулаға шығып кеткенде, шай дайындап жүргенмін. Шай іш деп шақыруға шыққанымда таппай қалдым. Моншаға кіргенімде асылып тұрғаны көрдім», - дейді анасы.

Сол күні марқұм әпкесіне қоңырау шалып жоғары сынып оқушылары ақша сұрап маза бермей жатқанын айтып, 7 мың теңге сұрапты. Оған ата-анасы ұялы телефон сыйға тартқан екен. Алайда оны «жоғалтып алдым» депті.

№83 мектеп директоры баланың ешқандай оқиғаға килікпегенін, мектепте бәрі тыныш екенін айтқан. Марқұмның ата-анасы хатта жазылған адамдарды анықтауды сұранып отыр.