Қазіргі таңда мамандар Темірлан тасжолын, Бәйдікбек би, Тәуке хан және Қонаев даңғылдарын жөндеуге кіріскен.
Шымкентте орталық көшелерді жөндеу басталды. Қазіргі таңда мамандар Темірлан тасжолын, Бәйдікбек би, Тәуке хан және Қонаев даңғылдарын жөндеуге кіріскен. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Айта кетейік, қаладағы жол жөндеу жұмыстары бір апта бұрын басталды. Бастапқыда шұңқырлар тазаланып, тегістелді. Қазіргі таңда сол учаскелерге асфальт төселуде. Осыған орай сала мамандары тұрғындардан түсіністік танытуды сұранады. Себебі, көшелердегі шұңқырлардың барлығын бір аптада жөндеу мүмкін емес, бұған қоса жұмыс ауа райына да байланысты жүреді.
Мұнымен қатар Сайрам көшесі де жөнделуде. Бұл жол жаңа технологиямен жөнделмек. Соның нәтижесінде асфальт төсеніші тегіс, бұзылмай сақталады дейді мамандар.