«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: Сауран қалашығында тазалық жұмыстары жүргізілді

0
485

Тағы бір деректе XIII ғасырдың орта тұсында Сауран Ақ Орданың астанасы болғаны жазылады.


«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: Сауран қалашығында тазалық жұмыстары жүргізілді

Сауран қаласында сенбілік жұмыстары өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Көне тарихтан сыр шертетін Сауран қаласында сенбілік жұмыстары өтті. Түркістан облыстық мәслихат депутаттары мен Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің өкілдері және Сауран ауданы әкімдігінің ұйымдастырумен тарихи ескерткіш аумағы тазартылды.


Аудан әкімі Мақсат Асылбекұлы мен облыстық мәслихат депутаттары Баймахан Тоймаханұлы және Жанар Амангелдіқызы арнайы қатысып, оқытушылар қауымы мен студенттерге алғы сөз сөйледі. Онда қоршаған ортаны таза ұстауға, экологиялық тазалықты сақтауға атсалысып, әрбір азамат облысымыздың тазалығы мен көркеюіне өз үлестерін қосу керектігін атап өтті.


Тазалық жұмысына қатысушылар Сауран қалашығы аумағын тазартып шықты. Тарихи нысанның жан-жағын абаттандырылып, қоқыс қалдықтары алынды. Онда Археология ғылыми-зерттеу институтының директоры Көпжасар Жетібаев келушілерге сенбілік жұмысымен қатар экскурсия жасатып, тарихи мәліметтермен бөлісті. Сауран қаласының іргетасы XII ғасырда ірі сауда орталығы ретінде қаланып, «Жібек жолы» тікелей осы жерден өтетін болған. Тағы бір деректе XIII ғасырдың орта тұсында Сауран Ақ Орданың астанасы болғаны жазылады. XIV ғасырдың аяғында Сауранды Әмір Темір әскери қамалға айналдырған. Сондай-ақ ислам дінінің Қазақстанға таралуына ықпал еткен.


Ортағасырға тән жақсы сақталған тарихи нысанға келушілердің саныда жыл сайын артып келеді. Аудан көлемінде тарихи-мәдени нысандарына өткен жылы 85 579 турист келген. Осы мақсатта туристерге қолайлы жағдай жасау мақсатында Сауран қалашығынан «Сапар» орталығының құрылыс жұмыстары жүргізуде. Қазіргі таңда ғимарат қабырғалары тұрғызылған. Биыл құрылыс жұмыстары толықтай аяқталып пайдалануға беріледі.