2025 жылға дейін туристер санын жылына 21500 жеткізіп, оның 11 пайызы сырттан келетін саяхатшылар болады деген мақсатын да айтып өтті Тұрашбеков.
Бұл туралы Түлкібас ауданының әкімі Нұрболат Тұрашбеков ОҚО Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында айтты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
«Үдемелі индустриялды -инновациялық даму бағдарламасының Өңірлік кәсіпкерлікті қолдау картасында 2018-2020 жылдары жалпы құны 98, 2 млрд теңгегі құрайтын 7 жоба іске қосылып, 3466 жаңа жұмыс орны ашылады деп жоспарлап отырмыз», деді әкім.
Аудан көлемінде 2018-2025 жылдары аралығында туризм саласын дамыту мақсатында бірқатар жұмыстар атқарылмақ. Ауданға өткен жылы 12300 турист келген. Оның 7-і шетел азаматы.
2025 жылға дейін туристер санын жылына 21500 жеткізіп, оның 11 пайызы сырттан келетін саяхатшылар болады деген мақсатын да айтып өтті Тұрашбеков.
Ол үшін "Жайлау" емдеу сауықтыру орталығын ашу жоспарланып отыр. Жобаның жалпы құны 347.0 млн, сыйымдылығы 100 адам, 50 адамға жұмыс орны ашылып, жоба 2018 жылы іске асып, 2000 турист қамтылады, деді әкім.