Түлкібастағы сенбілікте әжелер де белсенділік танытты

0
2 048

Ақ жаулықты әжелер​ ауылдарды аралап үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.


Түлкібастағы сенбілікте әжелер де белсенділік танытты

Кеше 27 шілде күні Экологиялық акция аясында Түркістан облысы бойынша жалпы халықтық сенбілік күні деп жарияланған болатын. Жалпыға ортақ істе Түлкібас ауданының ақ жаулықты әжелері де белсенділік танытты деп хабарлайды ERNUR.KZ. тілшісі.

Ақ жаулықты әжелер елді мекен тұрғындарын тазалыққа үндеп, ауылдарды аралап үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Бей-жай қарамай белсенділік танытып, жергілікті жердің тазалығына бір үйдің баласынай ат салысу қажет екендігін айтты.

Таңғы сағат 8 ден ауданның барлық аймағы, оның ішінде жол бойындағы жасыл аймақтар, саябақтар мен демалыс орындары, арық-атыздар мен жүргінші жолдың жиектері толығымен тазаланып, ағаш түптері әктелді. Ал тазалаудан шыққан 64 тоннаға жуық күл-қоқыстар арнайы техникалармен аудан сыртындағы қоқыс тастайтын орындарға тасмалданды.

Сенбілік жұмысына 36 арнайы техника жұмылдырылды.

Жалпы тазалық акциясына 3220 аудан тұрғындары атсалысты. Оның iшiнде мемлекеттік мекемелерден 400 адам және 500-ден астам ерікті жастар қатысты.

Өскелең ұрпақты еңбексүйгіштікке шақыратын тәрбиелік мәні зор шара ауданның шырайын арттыра түсті.

"Ауданымыздың көркейіп, гүлденуіне әрбір тұрғын бей-жай қарамай, қоқыс-қалдықтарды кез келген жерге лақтырмай, таза ұстауға ат салысуы қажет. Өйткені, ортақ үйіміздің көркеюі өз ауламызды таза ұстаудан басталатыны белгілі. Сенбілік барысында осыны жастарға сабақ еткен тұрғындар қаймағы бұзылмас ынтымақ пен бірліктің ерен үлгісін көрсетті,"-деп хабарлайды Түлкібас аудандық әкімдігінің баспасөз қызметі.