ТҮРКІСТАН: 1 аптада 200-ден астам тазалық шарасы өтті

0
77

Жалпы 551,2 млн. теңгеге айыппұл салынып, 304,9 млн. теңге өндірілді.


ТҮРКІСТАН: 1 аптада 200-ден астам тазалық шарасы өтті

Түркістан облысында 1 аптада 200-ден астам тазалық шарасы өтіп, 195 тонна қоқыс шығарылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысында «Таза Қазақстан» бағдарламасының орындалу тұрақты бақылауда. Өткен аптаның өзінде елді мекендерде 202 тазалық шарасы өтті. Нәтижесінде, 50 112 тұрғын қатысып, 195 тонна қоқыс шығарылды.


Бүгінгі таңда «TazaQazBot» ақпараттық жүйесіне 3 340 өтінім түскен. Оның ішінде, 3 332 орындалса, 8 өтінім орындалу барысында. Сондай-ақ, санитарлық талаптарын сақтамаған тұлғаларға 25 810 хаттама толтырылған. Жалпы 551,2 млн. теңгеге айыппұл салынып, 304,9 млн. теңге өндірілді.


Аудан, қала аумағына апта сайын мониторинг жүргізіліп, қоқыс жиналатын орындар анықталып, ретке келтірілуде.


Сонымен қатар 2025-2026 жылдардағы жылу беру маусымы туралы есеп тыңдалды. Бүгінде облыстағы барлық аудан, қалада жылу беру маусымы басталды. Қазандықтар температуралық кестеге сәйкес штаттық режимде жұмыс істеп, жылу беру тұрақты түрде қамтамасыз етілуде. Облыс бойынша көмір отынының қажеттілігі 580,4 мың тонна болса, қамтылғаны - 437,9 мың тонна. Аудан, қалалардағы теміржол тұйықтарында 78,1 мың тонна көмір қоры жинақталған.


Жауапты мамандар облыс бойынша жалпы 146 019 нысанды аралап, анықталған кемшіліктер бойынша тұрғындарға ескертулер жасап, кемшіліктерді жою шаралары түсіндірілуде.


Жылу беру маусымының тұрақты өтуі облыс басшысы Нұралхан Көшеровтің қатаң бақылауында.

Бөлісу