ТҮРКІСТАН: 2019 жылы Оңтүстіктен – Солтүстікке 284 отбасы көшіру жоспарланған

0
2 173

«Еңбек» бағдарламасына қатысушыға және оның отбасы мүшелеріне көптеген мүмкіндіктер жасалып отыр.


ТҮРКІСТАН: 2019 жылы Оңтүстіктен – Солтүстікке 284 отбасы көшіру жоспарланған

«Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы Елбасының бастамасымен 2015 жылдан бері жүзеге асып келе жатқан «Еңбек» бағдарламасы бойынша халық арасында ақпараттандыру жұмыстарын бастады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Халықты тығыз қоныстанған Оңтүстіктен - Солтүстікке көшіру жұмыстарын кеңінен насихаттау мақсатында ұйымдастырылған бағдарламаның жиынын «Nur Otan» партиясының Түркістан облыстық филиалы Төрағасының бірінші орынбасары Бейсен Тәжібаев ашты.

«Елбасы Н.Назарбаевтың тапсырмасы бойынша 2015 жылдан бастап еліміздің жұмыс күші аз солтүстік өңірлеріне халқы тығыз орналасқан оңтүстік аймақтардан халықты өз еркімен қоныстандырып, оларға қажетті жағдай жасау жұмыстары басталған болатын. Осы орайда, «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы ішкі көші-қон процестерін реттеу және еңбек күші мол аймақтан, еңбек күші жетіспейтінреспубликамыздың солтүстік өңірлеріне өз еркімен халықты қоныстандыру жұмыстарын насихаттауды қолға алдық», - деді Бейсен Тәжібаев.

Атап айтсақ, «Еңбек» бағдарламасы Түркістан облысында 2015 жылы басталып, бүгінгі таңда 881 отбасы немесе 3377 адам қоныс аударып, мемлекет тарапынан берілетін түрлі әлеуметтік көмектермен қамтамасыз етілген. Ал, халықты қоныс аударуға ынталандыру мақсатында Солтүстік өңірлердің өкілдері кезең-кезеңімен облысымызда түсіндіру жұмыстарын жүргізуге, жалпы аталған кезеңде Солтүстік өңірлерден 10 жұмысшы тобы, 173 кәсіпкерлер мен жұмыс берушілері халықпен кездесу өткізуде.

Сонымен қатар, солтүстік, шығыс өңірлеріндегі бос жұмыс орындары туралы мәлімет ай сайын алынып, аудандық, қалалық жұмыспен қамту орталықтарының базалық мәліметтеріне енгізіліп тұрады. Тек осы жылдың І тоқсанында 3 мыңға жуық жұмыс орындары ұсынылған.

2018 жылға республика бойынша бөлінген 1706 квота негізінде облысымыздан 455 отбасы, 1768 адам солтүстік өңірлерге қоныс аударып, квотамен, көшу үшін берілетін субсидиямен қамтамасыз етіліп жатыр. Облысымыздан қоныс аударушылардың басым бөлігі Сарыағаш (91 отбасы), Сайрам (63 отбасы), Мақтарал (75 отбасы), Ордабасы (49 отбасы) аудандарының үлесінде.

Ал, 2019 жылы облыстан 427 отбасы немесе 1608 адам көшіру жоспарланған. Сондай-ақ, 2019 жылдың 1 тамызына дейін Түркістан облысынан 284 отбасы немесе 911 адам, оның ішінде:

• 27 отбасы,112 адам Қостанай облысына;

• 54 отбасы, 104 адам Шығыс Қазақстаноблысына;

• 147 отбасы, 415 адам Солтүстік Қазақстан облысына ;

• 56 отбасы, 280 адам Павлодар облысына қоныс аударған.

Айта кетейік, «Еңбек» бағдарламасына қатысушыға және оның отбасы мүшелеріне – отағасына және әрбір отбасы мүшесіне бір рет 35 АЕК (88375 тенге) мөлшерінде көшуге материалдық көмек беріледі. Сонымен қатар, бүгінгі таңғадейін қоныс аударғандардың басым бөлігітұрғын үймен, жұмысқа қабілетті отбасы мүшелері жұмыспен қамтылып, өз кәсібін ашамын деушілерге егін, малшаруашылығымен шұғылдануға жер телімдері, бос тұрған ғимараттар ұсынылған.Сондай-ақ, көшуге ниетті азаматтар көшіп-қонуға байланысты мемлекет тарапынан берілетін материалдық көмектермен (қаржылай көмектер) қамтамасыз етілуде.