Әйел мен бала қазір аудандық орталық ауруханада дәрігерлер бақылауында.
Түркістан облысында ауыл әкімі екі адамды қарғын судан құтқарды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Әлеуметтік желіде жарияланып, көпшіліктің алаңдаушылығын тудырған видеодағы оқиға бүгін Түркістан облысы, Бәйдібек ауданында болған. Шаян-Мыңбұлақ облыстық маңызы бар автожолда келе жатқан «ВАЗ-2106» автокөлігі қырдан аққан ағын судың әсерінен жолдан шығып кеткен.
Автокөліктегі 39 жастағы ер азамат, 33 жастағы аяғы ауыр әйел мен 7 жастағы бала құтқарылды. Көлік үстінде қалған әйел мен баланы Бәйдібек ауданы, Мыңбұлақ ауылдық округінің әкімі Ғалымжан Әкімбаев беліне арқан байлап алып шыққан.
Әйел мен бала қазір аудандық орталық ауруханада дәрігерлер бақылауында.