ТҮРКІСТАН: 30 елдімекен газбен қамтылады

0
633

Көгілдір отынды көпшілікке жеткізіп беру жұмыстары әрі қарай да жалғаса бермек.


ТҮРКІСТАН: 30 елдімекен газбен қамтылады

Жетісайда 30 елдімекенге газ қосылады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Жетісай ауданының әкімі Мұрат Болатұлының тапсырмасымен бастау алған аудан әкімі аппаратының бөлім басшыларының жергілікті БАҚ өкілдерімен атқарған жұмыстарының барысы мен атқарылар істерінің жоспарлары жайындағы брифинг өткізу ісі өз жалғасын тауып келеді. Бұл жолы аудандық тұрғын үй, коммуналды шаруашылық бөлімінің басшысы Мырзабек Әбішев журналистермен жүздесті. Атқарылған жұмыстарының есебін беріп, жоспарларымен бөлісті. Сұрақтарға жауап беріп, еркін форматта пікір алмасты.


Бөлім басшысының айтуынша аудандағы елді мекендердің ауыз су жүйелерін ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жергілікті қазынадан 109 млн 921 мың теңге, облыстық бюджеттен Мақталы ауылдық округінің Мақталы елді мекенінің ауыз су жүйелерінің құрылысына 312 млн 205 мың теңге, Жетісай топтасқан су өткізгішіне қосылған Жылы су ауылдық округінің Жылы су, Мырзашоқы, Байқоныс, Баққоныс және Әл-Фараби елді мекендері су жүйелерінің құрылысы нысандарына республикалық бюджеттен 156 млн теңге қаралып, тиісті жұмыстар жүргізілуде. Жыл соңына дейін Жылы су ауылдық округінің Байқоныс және Әл-Фараби елді мекендерінен 4021 тұрғын (804 абонент) табиғи газбен қамтылады деп жоспарланған. Көгілдір отынды көпшілікке жеткізіп беру жұмыстары әрі қарай да жалғаса бермек.


«Қызылқұм ауылдық округінен 17, Ж.Ералиев ауылдық округінен 4, Абай ауылдық округінен 2, Ш.Ділдәбеков ауылдық округінен 1 елді мекенді газбен қамтамасыз ету мақсатында жергілікті бюджеттен 92 млн 179 мың теңге бөлінсе, Мақталы ауылдық округінің 4 елді мекенін көгілдір отынмен қамтамасыз ету мақсатында жобалық-сметалық құжаттамалар әзірленіп, тиісті жұмыстар жүргізілуде», - дейді Жетісай аудандық тұрғын үй, коммуналды шаруашылық бөлімінің басшысы Мырзабек Әбішев жергілікті БАҚ өкілдерімен өткен брифинг барысында.


Сонымен қатар, аудандағы елді мекендердегі жаңадан түскен көшелерге электр желілерін жеткізіп беру мақсатында қосымша 27 КТП орнатылса, Атамекен ауылдық округінің 5 елді мекеніндегі жаңадан түскен көшелердегі 247 отбасыларға қолайлы жағдай жасау мақсатында қосымша 5 КТП орнату, Жылы су ауылдық округіндегі 3 елді мекенге КТП орнатуға қаржы бөлдіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.