ТҮРКІСТАН: 40 жастағы келіншек үшем босанды

0
389

Осылайша 8 баланың анасы атанды.


ТҮРКІСТАН: 40 жастағы келіншек үшем босанды

Түркістан облысының №2 перинаталдық орталығында үшем дүниеге келді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысы, Бәйдібек ауданының 40 жастағы тұрғыны, көпбалалы ана Жансауле Доспанова үш ұлды дүниеге әкелді. Нәрестелердің салмағы – 1990, 1975 және 1728 грамм болды. Батыр анаға дәрігерлер кесарь тілігі арқылы ота жасап, босандырып алған. Қазіргі таңда мерзімінен бұрын туған сәбилердің жағдайы бірқалыпты.


«Бәйдібектік батыр ана» бүгінде 8 баланың анасы атанып отыр. Үшемдерге туыстары Нариман, Нұриман және Нұрман есімдерін қойған. Батыр ана үшем босанатынын алғаш естіген кезде қобалжығанын айтады.


Оның айтуынша, 5 балалы болған соң, сәбилі болуды жоспарламай жүрген.


«Күтпеген жерден дәрігерге қаралып, үшемді болатынымды естігенде басқаша сезімде болдым», - дейді батыр ана.


Мерзімінен бұрын дүние есігін ашқан нәрестелерге жансақтау бөлімінің мамандары тарапынан ерекше күтім жасалған.


Мәліметтерге сәйкес, Түркістан облысының №2 перинаталдық орталығында 2024 жылы 24 егіз бен 1 үшем дүниеге келген.