ТҮРКІСТАН: 6 мәдениет үйінің құрылысы мен 6 клубты жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр

0
424

Оның 3-еуі биыл аяқталса, 3 нысан келесі өтпелі.


ТҮРКІСТАН: 6 мәдениет үйінің құрылысы мен 6 клубты жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр

Түркістан облысында 6 ауылдық мәдениет үйінің құрылысы мен 6 клубтың күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Қазіргі таңда Түркістан облысында 264 мәдениет үйі мен клуб қызмет көрсетеді. Соның ішінде 3 қалалық, 14 аудандық мәдениет үйі, 122 ауылдық мәдениет үйі, 142 ауылдық клуб мекемесі бар. 204-нің ғимараты бар болса, 60-ы жекеменшік ғимараттар мен мектеп, әкімдіктерде жұмыс істейді. 204 мәдениет ошағының 60-ы күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарын қажет етеді. Соның ішінде 6 клуб мекемесіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Атап айтсақ, Жетісайда – 2, Мақтаарал мен Сайрамда, Сауран мен Шардарада – 1. Оның 3-еуі биыл аяқталса, 3 нысан келесі өтпелі.


Мәдениет ошақтарының қасбеттері мен қоршаулары да назарда. Қазығұрт ауданындағы ағымдағы жөндеуді қажет ететін 11 мәдениет үйінің қасбеттерін жөндеу үшін жергілікті бюджеттен қаражат бөлініп, қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу порталында жариялану сатысында. Қалған 43 мәдениет мекемесіне күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін тиісті жұмыстар атқарылу қажет. Сонымен қатар 14 мәдениет ошағының сыртқы қоршауын ретке келтіру керек. Алдағы уақытта тиісті аудан әкімдерімен бірлесе жұмыс атқарылады.


Өңірде жалпы 832 елді мекен бар. Олардың 7-еуі – қала (3 облыстық, 4 аудандық) және 181 округтегі 825 елді мекен. Облыстық маңызы бар 3 қаланың 2-еуі, 14 аудан орталықтары, сонымен қатар 167 ауылдық округтің 147 округ орталығы және 41 елді мекен мәдениет нысанымен қамтылған.


Айта кетейік, биыл 6 ауылдық мәдениет үйінің құрылысы басталды. Атап айтсақ, Отырар ауданында – 2 (Ақтөбе, М.Шойманов), Сарыағашта – 1 (Қанағат), Қазығұртта – 1 (Қазығұрт), Төлебиде – 1 (Киелітас), Келесте – 1 (Жиделі) мәдениет ошағы жыл соңына дейін пайдалануға беріледі. 2023 жылы «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында 13 мәдениет үйі кітапханасымен бірге пайдалануға берілген болатын.