ТҮРКІСТАН: 700-ден астам елді мекен ауыз сумен қамтылады

0
568

60 нысанның құрылысына бюджеттен 12,7 млрд. теңге бөлінді.


ТҮРКІСТАН: 700-ден астам елді мекен ауыз сумен қамтылады

Түркістан облысында 2023 жылдың қорытындысыменқалаларды 100 %, ал 2025 жылы ауылдық елді мекендерді 100% ауыз сумен қамтамасыз ету жоспарланып отыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


«Түркістан облысының 2021-2025 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамудың кешенді жоспарына» сәйкес, 2023 жылдың қорытындысымен қалаларды 100 %, ал 2025 жылы ауылдық елді мекендерді 100% ауыз сумен қамтамасыз ету жоспарлануда. Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Түркістан қаласында өткен Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз жиынында мәлімдеді.


Ауыз сумен қамту мақсатында Түркістан облысында 60 нысанның құрылысына бюджеттен 12,7 млрд. теңге бөлінді. Соның тең жартысын биыл пайдалануға беру жоспарланса, қалғаны келер жылға өтпелі. Нәтижесінде, 20 елді мекен ауыз сумен қамтылса, 11 елді мекеннің су құбырлары қайта жаңартылатын болады. Жыл қорытындысымен облыстағы 843 елді мекеннің 717-сі ауыз сумен қамтамасыз етіледі. Қамту деңгейі 93,3%-ға жетеді.


Сондай-ақ, табиғи газбен қамту бойынша биыл 87 нысанның құрылысына 13,8 млрд.теңге бөлінді. Соның ішінде 24 нысан пайдалануға берілсе, қалған 51 нысан келер жылға өтпелі. Жыл соңында 444 елді мекен немесе 1,4 млн. халық (66,6%) табиғи газбен қамтамасыз етіледі. Сапалы электр жарығымен жабдықтау бойынша биыл 6,7 млрд. теңге қаралып, 34 нысанның құрылысын жүргізу жоспарлануда. Биыл 7 нысан пайдалануға беріледі. 27 нысанның құрылысы 2022 жылға өтпелі. Нәтижесінде 13 елді мекендегі 13,5 мың тұрғын сапалы, тұрақты электр қуатымен қамтылады.