ТҮРКІСТАН: 80 мұқтаж отбасыға баспана беріледі

0
780

40 пәтерлі, 4 қабатты екі үйдің құрылысы аяқталып, қараша айында пайдалануға беріледі.


ТҮРКІСТАН: 80 мұқтаж отбасыға баспана беріледі

Биыл Шардарада 80 мұқтаж отбасы баспаналы болады, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысы Шардара қаласында жалпы 74 көпқабатты тұрғын үй бар. Көпқабатты тұрғын үйлердегі пәтерлер саны – 1394. Аталған тұрғын үйлерде 5600-ге жуық тұрғын тұрады. Бұл қала халқының 16%-ын құрайды. Тұрғын үй қорын жаңғыртуға сәйкес, 2017 жылы Шардара қаласында 8, ал 2019 жылы 6 көпқабатты тұрғын үй күрделі жөндеуден өткен. Биыл Шардара қаласында Әл-Фараби және Астана көшелеріндегі 40 пәтерлі 4 қабатты екі үйдің құрылысы аяқталып, қараша айында пайдалануға беріледі. Жалпы саны 80 пәтер аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға, үй кезегінде тұрған мұқтаж жанұяларға үлестірілетін болады.

Сондай-ақ, шағалалы Шардара ауданындағы іргелі жұмыстардың бірі Шардара қаласындағы жаңа «Әсем» мөлтек ауданының тұрғындарын таза ауыз сумен қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар. Бүгінгі таңда сапалы ауызсу жүйесінің құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізіліп жатыр. 2020 жылдың қыркүйек айында мөлтек аудан тұрғындары толықтай таза ауыз сумен қамтылмақ.