ТҮРКІСТАН: 900 орындық мектеп салынып жатыр

0
1 002

2021 жылы тапсырылады.


ТҮРКІСТАН: 900 орындық мектеп салынып жатыр

Сарыағашта жаңа мектеп салынып жатыр, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

2020 жылдың 18 тамыз күні Түркістан облысы Сарыағаш ауданынң әкімі М.Отаршиев жұмыс жоспарына сәйкес, Сарыағаш қаласы, Самал мөлтек ауданында жаңадан жүргізіліп жатқан мектеп ғимаратының құрылыс жұмыстарымен танысты.

Жыл санап бала санының өсуіне байланысты №60 «Самал» жалпы орта мектебі үш ауысымға өту қаупі бар.

Осыған орай, жаңа мектеп ғимаратын салу үшін аудан әкімінің тапсырмасына сәйкес жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп, бүгінгі таңға Самал мөлтек ауданынан жаңадан 900 орындық мектеп ғимаратының құрылысы жүргізілуде.

Аталмыш нысанды аралап болған соң аудан әкімі М.Отаршиев құрылыс компаниясының өкілдеріне құрылыс сапасына айрықша мән беріп, нысанды белгіленген мерзімнен кешіктірмей аяқтауды тапсырды. Жоспарға сәйкес, аталған білім мекемесінің нысанын тапсыру мерзімі - 2021 жыл.

Сонымен қатар, оқушылардың қауіпсіздігі үшін жаңа мектеп ғимараттарында бейнебақылау жүйесін орнату қарастырылған. Аталған білім ұясы пайдалануға берілсе, аудандағы білім беру жүйесіне оң ықпалы тиері анық.