Түркістан әкімі: "Блок-бекеттерде көзбояушылық танытқандарға шара қолданылады"

0
891

Өңірде коронавирус індетін бір адам жұқтырғаны белгілі болды.


Түркістан әкімі:

Түркістан қаласының әкімі Рашид Абатұлы мобильді топ жетекшілерімен жедел штаб отырысын өткізді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Облыста коронавирус індетін бір адам жұқтырғаны белгілі болды. Осы мақсатта, Түркістан қаласында індет таралуының алдын алу ісін ширату қажеттілігі айтылды. Әсіресе, балалардың қоғамдық орындарға шықпауы, әр азаматта медициналық бетперделердің болуын мөлтек аудандарға қарасты топтар қатаң қадағалап, полиция жұмысының күшейетін уақыты екенін ескертті.

Сондай-ақ, қала әкімі блок-бекеттердегі әр азаматты жіті тексеріп, көзбояушылық танытқандарға шара көрілетінін айтты.