ТҮРКІСТАН: Әкімшілік және әлеуметтік нысандардың құрылысы жалғасып жатыр

0
328

Өңірде 8 әкімшілік ғимараты бой көтеруде.


ТҮРКІСТАН: Әкімшілік және әлеуметтік нысандардың құрылысы жалғасып жатыр

Түркістан облысы аумағында әкімшілік және әлеуметтік нысандардың құрылысы жалғасуда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысы аумағында әкімшілік және әлеуметтік нысандардың құрылысы жалғасып жатыр. Өңірде 8 әкімшілік ғимараты бой көтеруде. Бүгінгі таңда 3 нысан пайдалануға тапсырылды. Атап айтқанда, Сауран ауданында прокуратура және аудандық ішкі істер бөлімінің ғимараттары, Түркістан қаласында әкімшілік ғимараты пайдалануға тапысырылды. Жыл соңына дейін тағы 3 ғимараттың құрылысын аяқтау жоспарланған. Қалған 2 нысан 2025 жылға өтпелі.


Бұдан бөлек, мәдениет және спорт нысандарының саны артып келеді. Қазіргі уақытта облыс аумағында 12 мәдени нысанның құрылысы жүргізілуде. Оның 4-і осы жылы пайдалануға беріледі деп күтілуде. Қалған 8 ғимараттың құрылысы келесі жылы аяқталмақ.


Сонымен қатар спорт саласында 23 нысан салынып жатыр. Бүгінде 3 нысанның құрылысы аяқталды. Атап айтқанда, Сауран ауданындағы «Бабайқорған» спорт кешені, Ескек есу каналы, Арыс қаласындағы «Қожатоғай» спорт кешені ел игілігіне пайдалануға берілді. Жыл соңына дейін 11 жоба аяқталады деп жоспарланып отыр. Қалған 9 нысан 2025 жылға өтпелі.


Бұл нысандардың құрылыс сапасы мен орындалу мерзімі аймақ басшысы Дархан Сатыбалдының және облыстық құрылыс басқармасы маманданының тұрақты бақылауында.