ТҮРКІСТАН: Әлеуметтік және коммерциялық нысандар арнайы үлгіде салынады

0
139

Жаңа қала аумағынан бой көтеретін 5 қабатты тұрғын үй кешені мен таунхаус жобасы қаралды.


ТҮРКІСТАН: Әлеуметтік және коммерциялық нысандар арнайы үлгіде салынады

Түркістандағы әлеуметтік және коммерциялық нысандар қала сәулетіне сай бой көтереді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Облыс орталығында әлеуметтік және коммерциялық нысандар қала сәулетіне сай бой көтереді. Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасовтың төрағалығымен өткен штаб отырысында бірқатар жобалар қаралып, ғимараттардың сәулеттік үлгілері ұсынылды.


Жиында сәулетшілер, инвесторлар мен құрылыс саласының мамандары Түркістанда және облыс аумағында жүзеге асыруды жоспарлап отырған жобалардың сәулетін таныстырды. Атап айтқанда, Түркістан қаласында салынатын филармония мен галерея ғимаратына арналған жер телімдері ұсынылды. Жаңа қала аумағынан бой көтеретін 5 қабатты тұрғын үй кешені мен таунхаус жобасы қаралды. Ұлттық, азиялық және еуропалық тағам түрлерін ұсынатын мейрамхана кешенінің жобасы таныстырылды. Сонымен қатар Түркістан қаласының бас жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу, «Дизайн код» бойынша ұсыныстар сараланды. Әрбір жоба жеке-жеке қаралып, ұсыныстар айтылды.


Жиын барысында Түркістан облысының сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Нұрлыжан Букебаев Түркістан облысына қарасты аудан, қалалардағы ғимараттардың сәулеттік үлгісін таныстырып, әлеуметтік нысандарды бір үлгіде салуды, коммерциялық нысандарды бір үлгіде абаттандыруды ұсынды.


Облыс әкімінің бірінші орынбасары жобаларды жіті зерделеп шығуды, нақты жоспарларды ұсынуды тапсырды.

Бөлісу