ТҮРКІСТАН: Әлеуметтік желіде терроризмді насихаттағаны үшін сотталды

0
1 488

ҚР ҚК 256 бабының 2 тармағы бойынша сотталды.


ТҮРКІСТАН: Әлеуметтік желіде терроризмді насихаттағаны үшін сотталды

Террористтік және экстремисттік идеологияны әлеуметтік желі насихаттағаны үшін сотты болады деп, хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысының тұрғыны терроризмді насихаттағаны үшін 6 жыл 2 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды.

Кентаулық Аманжолов Азамат ҚР ҚК 256 бабының 2 тармағы бойынша сотталды.
Сот үкіміне сай Кентаулық азамат террористтік және экстремисттік идеологияны «Вконтакте» әлеуметтік желісінде және «WhatsApp» мессенджерінде насихаттағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылды.
Іс материалдарына сәйкес аталған тұлға салафиттік ағымның мүшесі болып табылады және есірткі қолдану фактілерімен құқық қорғау органдарының назарына түскендігі анықталды.