ТҮРКІСТАН: Анасын іздеп астанаға аттанған жасөспірім табылды

0
777

Анасына баратынын әкесіне ескертпей шығып кеткен.


ТҮРКІСТАН: Анасын іздеп астанаға аттанған жасөспірім табылды

иллюстрациялық фото

Мақтаарал ауданында Нұр-Сұлтан қаласына анасын іздеп кеткен 16 жастағы жасөспірімді полицейлер тауып әкеп, отбасына тапсырды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Мақтарал АПБ-не жергілікті тұрғын арызданып, 2 күн бұрын күндізгі сағат 11:00 шамасында кәмелет жасына толмаған 16 жасар ұлының үйден шығып кетіп, қайта оралмағанын көрсеткен.

Мақтарал АПБ КПБ қызметкерлерінің жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде жоғалған жасөспірімнің жүрген жері анықталып, әкесіне аман-сау күйінде қайтарылды. Полицейлердің анықтауынша, баланың ата-анасы бірнеше жыл алдын ажырасқан көрінеді. Жасөспірімнің Нұрсұлтанға анасын іздеп кетуі мүмкін деген күдіктен соң, анасымен телефон арқылы сөйлескен тәртіп сақшылары, баланың Бас қалада екендігін анықтайды. Алайда жоғалған жасөспірім анасына баратындығы жайында әкесіне ескертпеген.

Аталған жайт бойынша жасөспірімнің әкесі аудандық полиция қызметкерлеріне ризашылығын білдіріп, оның ішінде ерекше тергеуші, полиция лейтенанты Дәурен Жақсылыққа баласын аман-есен тауып бергені және кәсіби шеберліктері мен қырағылықтары үшін алғысын білдіріп, жұмыстарына сәттілік тіледі.

"Ата-аналарға балаларыңызды бақылауда ұстаңыздар, араласатын ортасын қадағалап, қараусыз қалдырмаңыздар" деп кеңес береді Түркістан облысы полицейлері өз кезегінде.