ТҮРКІСТАН: Арыста кеурек қазған шетелдіктер анықталды

0
76

Дәрілік өсімдікті рұқсатсыз жинауға тастүйін дайындық жүргізген.


ТҮРКІСТАН: Арыста кеурек қазған шетелдіктер анықталды

Арыста кеурек қазуға кіріскен 3 шетел азаматы анықтады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Табиғи емдік-дәрілік кеурек өсімдігінің қазылған учаскелерін анықтау жөнінде арнайы жұмысшы топ рейдтік шаралар жүргізуде.


Құрамында Түркістан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы, Табиғат қорғау прокуратурасы, облыстық полиция басқармасы, Арыс қалалық ауыл шаруашылығы, жер қатынастары бөлімінің мамандарынан құралған жұмысшы топ кезекті зерделеу жұмыстары нәтижесінде Монтайтас, Қожатоғай ауылдық округінің далалы алқапта кеурек қазуға кіріскен 3 шетел азаматы анықтады.


Белгілі болғандай, шекараны заңсыз кескен шетелдіктер далалы алқапта шатыр тігіп, қазан-ошақ әзірлеп, дәрілік өсімдікті рұқсатсыз жинауға тастүйін дайындық жүргізген.


Тексеру нәтижесінде, жайылымдық жер иесіне акт толтырылып, ал шетел азаматтары заң аясында тиісті шара қолдану үшін Арыс аудандық полициясына тапсырылды.


Айта кетейік, Арыс қалалық Жер қатынастары бөлімі ауыл шаруашылығы мақсатында пайдаланылатын жайылымдық жерлерді заңсыз қазу немесе бүлдіру заң аясында жауапкершілікке әкелетінін ескертеді.


Әкімдік тарапынан бұл бағытта рейдтік шаралар жұмыстары әлі де жалғасуда.

Бөлісу