ТҮРКІСТАН: Арыста жалпықалалық сенбілік өтті

0
430

Тазалық шарасына қала әкімі Гүлжан Құрманбекова қатысып, акцияға елеулі үлес қосып жүрген азаматтарға алғысын білдірді.


ТҮРКІСТАН: Арыста жалпықалалық сенбілік өтті

Арыс қаласында жалпықалалық сенбілік өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Сенбілік жұмыстары Арыс-Шымкент тас жолы бойынан бастау алды. Шараға мемлекеттік қызметшілер, мекеме және кәсіпорын қызметкерлері, ардагерлер, спортшылар мен өнерпаздар, еңбек ұжымдарының өкілдері мен қала жастары атсалысты. Тазалық шарасына қала әкімі Гүлжан Құрманбекова қатысып, акцияға елеулі үлес қосып жүрген азаматтарға алғысын білдірді.


Кең көлемде өткен тазалық акциясына 500-ден астам адам қатысып, белсенділік танытты. Экобелсенділер ағаш түптерін әктеп, жол жиектерін шөптерден, қураған бұталардан тазалады. Жиналған қоқысты тасымалдауға коммуналдық мекемелердің қызметкерлері мен 10-нан астам техника жұмылдырылды. Айта кетейік, Арыс қаласы көлемінде «Таза Қазақстан» акциясы аясында көркейту-көгалдандыру және санитарлық-тазалық жұмыстары көктемнің алғашқы күнінен бастап өтуде. Бүгінде қала орталығындағы жарықшамдарды ретке келтіру, саябақтар мен аллеялардың шөбін ору, суғару жүйесін ретке келтіру, ағаштарды күтіп ұстау жұмыстары күнделікті атқарылуда.