ТҮРКІСТАН: Арыстағы елді мекенде заманауи спорт кешені ашылды

0
57

Мұнда жасөспірімдер мен балаларға арналған олимпиядалық спорттың бірнеше түрімен шұғылдануына барлық жағдай жасалған.


ТҮРКІСТАН: Арыстағы елді мекенде заманауи спорт кешені ашылды

Арыстағы елді мекенде Республика күнінде заманауи спорт кешені ашылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Арыс қаласы, Ақдала ауылында 25 қазан – Республика күнінде заманауи спорт комплексі ел игілігіне пайдалануға берілді.


«Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында салынған нысан барлық қажетті материалдық-техникалық құралдармен жабдықталған. Мұнда жасөспірімдер мен балаларға арналған олимпиядалық спорттың бірнеше түрімен шұғылдануына барлық жағдай жасалған.


Тұрғындардың қуанышымен бөлісуге қала әкімі Қайсар Маңқараев, қалалық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Әбдісаттар Жүніс, зиялы қауым өкілдері, ауыл ақсақалдары мен жастары қатысты. Шаһар басшысы ақдалалық ағайынды жаңа спорттық нысанның ашылуымен құттықтады.


Жаңа спорт кешенінің жалпы ауданы 371,65 шаршы метрді құрайды. Зәулім де кең спорт зал едені өте сапалы резеңке жабындысымен жасалынған. Мұнда медициналық бөлме, ішкі дәретханалар, гардероб та қарастырылған. Ғимарат бір уақытта 100-ден астам адамды қабылдай алады. Енді ауыл жастары волейбол, баскетбол, бокс, үстел теннисі, күрес, гимнастика сынды спортпен шұғылдануға мүмкіндік алды.


Ақдала ауылында алғаш рет ашылған спорт залдың мүмкіндіктерін ауыл тұрғындары жоғары бағалады.


Айта кетейік, өткен жылы дәл осындай спорт зал кешені Қожатоғай ауылында пайдалануға берілген болатын. Биыл Ақдаладан бөлек Байырқұм ауылында да дәл осындай спорт зал құрылысы жүргізілуде. Нысан келесі жылы пайдалануға берілмек.


Жалпы, Арыс қаласына қарасты бойынша 2 спорт кешені мен 100-ден астам спорттық алаңқайлар мен спорт залдар, жаттығу құрылғылары бар. Бүгінгі таңда қалада 4 балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектептерінде 15 түрлі спорт түрінен үйірмелер жұмыс істейді.

Бөлісу