ТҮРКІСТАН: «Ашық әкімдік» кеңсесінде кезекті қоғамдық қабылдау өтті

0
575

Тұрғындардың өтініштері ескерусіз қалмайды


ТҮРКІСТАН: «Ашық әкімдік» кеңсесінде кезекті қоғамдық қабылдау өтті

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев «Ашық әкімдік» кеңсесінде кезекті рет қоғамдық қабылдау өткізді., деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Он екі тұрғынның білім, денсаулық, қоғамдық даму, мәдениет және туризм салаларына қатысты мәселелері мен ұсыныстары тыңдалды.


Түркістан қаласының тұрғыны Кеңес Одағының батыры Расул Есетовтың 100 жылдығына орай еске алу іс-шарасын ұйымдастыру жөнінде өтініш айтты. Сонымен бірге қабылдауға жазылған Ақмарал Қыпшақбаева республикамызға танымал ақын, елге еңбегі сіңген руханият жанашыры Әбілда Аймақтың 70 жылдығын өткізу, еске алу жөнінде ұсынысын жеткізді. Қос өтініш те назарға алынды. Тиісті жұмыстар атқарылады. Тұлғалардың еліміз үшін маңызды екеніне тоқталған облыс әкімінің орынбасары жауапты басқарма басшылығына нақты тапсырмалар берді.


Мақтаралдық тұрғын А.Қалыбеков ауылының Мәдениет үйін жөндеу жөнінде ұсыныс берді. Бұл мәселе зерделеніп, назарға алынатын болды. Сонымен бірге осы ауданның тағы бір тұрғынының өтініші бойынша Мақтааралдағы білім саласындағы арыз да хаттамаға енгізілді.


Тұрғындардың бірі халықтың, оның ішінде балаларды психологиялық қолдайтын орталық ашуды сұраса, сайрамдық азамат ескірген мектеп ғимаратын жөндеу немесе жаңа мектеп салу мәселесін көтерді. Сайрам ауданында ерекше балаларға арналған оңалту орталығын ашу бастамасы да көтерілді. Түйткілдер бақылауға алынды.


Түлкібастық кәсіпкер медицина орталығын салуға қатысты өз ұсынысын білдірсе, созақтық тұрғындар медициналық мекемеден жұмыстан шығарылғаны жөнінде шағымданды. Әрбір мәселе бақылауға алынып, тиісті жұмыстар жүреді.