ТҮРКІСТАН: Аудандар мен елді мекендерге 1 млрд. теңге бөлінеді

0
1 110


ТҮРКІСТАН: Аудандар мен елді мекендерге  1 млрд. теңге бөлінеді

фото: aigak.kz

Түркістан облысындағы аудандар мен елді мекендерді қолдау мақсатында 1 млрд.теңге көлемінде қаржы бөлінеді, деп хабарлайды өңірдегі ERNUR.KZ тілшісі.

Түркістан облысының аудандары мен елдімекендерін дамыту мен қолдау мақсатында 1 млрд. теңге көлемінде қаржы бөлінеді. Бұл туралы алтыншы шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихатының кезекті отыз жетінші сессиясында облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев айтып өтті.
- Бұл қаражатты халыққа биыл пайдасы тиетін, нәтижесі көзге көрінетін, жылдар бойы шешімін таппаған мәселелерді шешуге жұмсаудың маңызы зор, - деді Өмірзақ Естайұлы.
Айта кетейік, сессияның күн тәртібіне 28 мәселе қойылды.