ТҮРКІСТАН: Азаматтардың өтініштері мен ұсыныстары тыңдалды

0
124

Балық шаруашылығын дамыту бағытында қойылатын талаптар мен көрсетілетін мемлекеттік қолдауларға тоқталды.


ТҮРКІСТАН: Азаматтардың өтініштері мен ұсыныстары тыңдалды

Нұрбол Тұрашбеков «Ашық әкімдік» кеңсесінде тұрғындарды жеке мәселелерімен қабылдап, өтініштері мен ұсыныстарын тыңдады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Бекітілген кестеге сәйкес, Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков «Ашық әкімдік» кеңсесінде тұрғындарды жеке мәселелерімен қабылдап, өтініштері мен ұсыныстарын тыңдады.


Қабылдауға келген азаматтардың басым бөлігі, ауыл шаруашылығы саласына қатысты және жер телімін алу бойынша мәселелерді көтерді. Мәселен, Сарыағаш ауданынан келген азамат ұңғыма су құбырына субсидия алу және балық шаруашылығына жер беру бойынша көмек сұраса, түркістандық азаматша анасының атына жеке меншікке пайдалануға берілген жер телімі басқа адамның меншігіне өтіп кетті деп шағымданды. Ордабасылық тұрғындар облыс әкімінің орынбасарына «Ықылас темір», «Наурыз» өндірістік кооперативтерінен жер үлесін алу, балық шаруашылығымен айналысу үшін жер бөлу мәселесімен жүгінді.


Нұрбол Тұрашбеков жерге қатысты мәселелерге қатысты заң талаптарын түсіндіріп, субсидия бойынша жауапты мамандарға заң аясында мүмкіндіктерді қарастыруды тапсырды. Балық шаруашылығын дамыту бағытында қойылатын талаптар мен көрсетілетін мемлекеттік қолдауларға тоқталды.

Жеке қабылдауда көтерілген барлық мәселе заң аясында зерделеніп, тиісті тапсырмалар берілді.

Бөлісу