ТҮРКІСТАН: Балабақшаларға МӘМС жүйесін енгізу мәселесі талқыланды

0
757

Міндетті әлеуметтік аударымдардың толық төленуін дұрыс жүргізу тапсырылды.


ТҮРКІСТАН: Балабақшаларға МӘМС жүйесін енгізу мәселесі талқыланды

Арыс қаласында балабақша меңгерушілерінің қатысуымен жиын өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Арыс қалалық Адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Ә.Момбеков, қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Д.Егізбаев, сондай-ақ қаламыздағы балабақша меңгерушілерінің қатысуымен жиын өтті.


Санитарлық нормаларды сақтай отырып өткізілген жиында мектепке дейінгі білім беру ұйымдары қызметкерлерін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырумен (МӘМС) қамту мақсатында мекемелерде жұмыс атқарып жатқан қызметкерлер мен жұмысшыларды МӘМС тізіміне тіркеу мәселесі талқыланды. Сонымен қатар, міндетті әлеуметтік аударымдардың толық төленуін дұрыс жүргізуді қадағалау, алдағы уақытта кемшіліктерді болдырмауды тапсырды.